Weekend

Шымкентте алдағы бес жылда 15 мектеп салынады

Мектеп аз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 130 мектеп бар болса, оның 19-ы үш ауысымды мектеп болып саналады. Үш ауысымды мектептерді азайту үшін қала билігі бес жылдың ішінде 15 мектепті салуды ойластырып отыр.

Білім ошақтары бюджет қаражатынан бөлек жеке кәсіпкерлердің есебінен бой көтермек. Бірінші сыныпқа баратын балаларының құжаттарын тапсыра алмай әбігерге түскен ата-аналар қалалық білім басқармасынан бастап қала әкімдігінің табалдырығын тоздыруда.

Шымкентте 130 мектепте 194 мың оқушы оқиды. Жыл сайын балалардың саны 10 мыңға артып отыр. Мектеп тапшы, биылғы жаңа оқу жылында қаладағы 130 мектептің 19-ынды балалар үш ауысымда білім алуға мәжбүр. Бұл өзекті мәселе 10 бағытты қамтыған Шымкенттің кешенді даму жоспарында жүзеге асатын 4 бағыт – білім беру жүйесін дамыту жобасына енгізілді.