Weekend

Табысқа жету: Қалай мотивация алуға болады?

Жетістікке жету жолы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табысқа жету мотиві теориясы бойынша, адамда іс-әрекетпен функционалды байланыста болатын, табысқа жетуге бағытталған екі түрлі мотив болады. Бұл екі мотивке ие жеке адамдардың жүріс-тұрысының қозғаушы күштері арасында елеулі айырмашылықтар болады.      

Табысқа жету мотивін ұстанған адамдар нәтижесі сөзсіз табысқа әкелетін іс-әрекет түрлерін, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, оған жетуге белсенді ат салысады. Мұндай адамдардың когнитивті сферасында табысты күту, яғни, табысқа жету сенімділігі болады. Олар өз іс-әрекетін басқалардың қолдауын, құптауын сезінеді, осыған сай іс-әрекеті жағымды эмоцияларға толы болады. Оларға өз ісіне бар күш-жігерін жұмсау, қойған мақсатына бар зейінін шоғырландыру тән болып келеді. Керісінше, сәтсіздіктен қашу мотиві басым адамдарда іс-әрекеттегі негізгі мақсат табысқа жету емес, сәтсіздіктен қашу болып табылады. Олардың бар күш-жігері осы мақсатқа жұмылдырылғандықтан, оларда сенімсіздік, сынға ұшырау, сәтсіздік қорқынышы нәтижесінде жағымсыз эмоция басым болады. Олардың бойында сәтсіздікке ұшырау қаупін үнемі сезінгендіктен іс-әрекетке деген ықыласы төмендейді.     

Жетістікке жету мотиві бар адамдар, әдетте, өз мүмкіншіліктері мен іскерлік дағдыларына сай іс-әрекет түрлерін таңдап алады. Талаптану деңгейі мен мүмкіндіктері арасында толық теңдік орнатады. Ал сәтсіздіктен қашу мотиві бар адамдар өз мүмкіндігін бағалауда жоғары өзіндік бағалау және төменгі өзіндік бағалау нәтижесінде ең қиын немесе ең оңай іс-әрекет түрін таңдап алады. Олардың бойындағы талаптану мен мүмкіндік деңгейі арасында сәйкестік болмайды. 

Табысқа бағытталған адамдар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдаланады. Ал басынан сәтсіздікке бағытталған адам өзіне сенімсіздік білдіріп, сыннан қорқады. 

Сіз қай мотивпен өмір сүресіз?