Саясат
Бір тонна есірткі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com20 метрлік сүңгуір қайықтың экипажында екі колумбия азаматы, бір мексика және бір эквадор азаматы болған. Олардың Эквадорда жүктерді алып, Мексикаға қарай бет алғандығы айтылады. Бұл туралы iz.ru хабарлайды.
- Операция кезінде ұсталған төрт адам Лимаға, сондай-ақ екі тоннадай кокаин де сол жаққа жеткізіледі. Ал Әскери-теңіз күштері қайықты жіті тексеретін болады, - дейді прокурор Хорхе Чавес Кортина.
Мамандардың айтуынша, есірткі картельдері 2005 жылдан бері есірткіні тасымалдау үшін суасты қайықтарын пайдалана бастаған.
Әлемдегі кока плантацияларының 90%-дан астамы Колумбия, Перу және Боливия кіретін «Анд есірткі үшбұрышында» шоғырланған. Сондай-ақ кока аз мөлшерде Панама, Эквадор, Венесуэланың оңтүстік-батысында және Бразилияның солтүстік-шығысында өседі.