Weekend

Шымкенттік жастардан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдау басталды

Жастар жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімдігі 2019 жылғы 11-20 желтоқсан аралығындағы жұмыс күндері сағат 9:00 мен 19:00 аралығында Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылдайды.

Өтінімдер:

Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;

Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;

Соңғы 2 жылда тұрғын үйге меншік құқығы тіркелмеген;

Ай сайынғы табысы 40 АЕК (101 000 теңге) кем емес және банктегі жинақ (депозиттік) шоты бар жастардан қабылданады.

Ескертпе: егер құжат тапсырушы үміткердің айлық табысы 40 АЕК-тен кем болса, ол кепілдік беруші тұлға ретінде жұбайының/зайыбының табысын ұсына алады.

Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5 (бес) жыл мерзімге жалға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін төмендегі құжаттарды:

1)Нысан бойынша өтініш;

2)Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3)Білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4)Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5)Балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);

6)Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7)Жұмыс орнынан анықтама;

8)Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар

10)Банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

11)Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттарды (бар болса) ұсынуыңыз қажет.

Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а ғимараттың І-қабатында қабылданады.

Байланыс телефондары: 24-74-85