Weekend

Алматыдағы туризмнің дамуы: Қаладағы туристік компаниялар халық назарында

Қалада ұйымдастырылған шаралар мен шетелдегі сапарлар туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда Алматы қаласында қаладағы туризмді дамыту мақсатында түрлі шаралар жүргізіліп жатыр. Қаладағы туристік компаниялар халықаралық көрмелерге қатысып, қала аумағында конференциялар өтіп, халыққа қызмет етуші компаниядағы қызметкерлерге тренингтер өткізіліп, оң шаралар іске асуда.  

IBTM World 2019 Barcelona халықаралық көрмесіне қатысады

Іскерлік туризмді дамыту үшін Алматы қаласы іскери туриндустрия саласындағы маңызды шаралардың бірі халықаралық көрмеге қатысады.

Ол көрме - IBTM World 2019 Barcelona халықаралық көрмесі деп аталады. Осы жылы Алматы қаласы халықаралық көрмеде төрт туркомпанияны, бір тау курортын көрерменге ұсынады. Қазіргі кезде қаланың өкілдері әлемнің түкпір-түкпірінен туриндустрия субъектілерімен 200-ден астам кездесу өткізді.

Бейжіңдегі «Visit Almaty 2019» пресс-конференциясы

Бейжіңде «Visit Almaty 2019» ресми баспасөз конференциясы 15 қазанда өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Алматыны жаңа туристік бағыт ретінде таныстыру және туристерді тарту арқылы еліміздегі туризм саласын дамыту. Бұл шараға қатысқан қазақстандық компаниялар: Tumar Trans, Sky Way, Asia Connection, Discover Almaty, GATC. Ал пресс-конференцияда: Алматы қаласының туризм басқармасы бастығының орынбасары - Қалибек Ақылбеков, Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің инвестициялық кеңесшісі - Сұлтан Кинжакулов, Capital Partners (EsentaiMall) бас директоры - Владимир Сарыбеков және жаһандық жаңа нарықтарды дамыту жөніндегі вице-президент - Birgitta Folk сөз сөйледі. Туризм департаменті қаланың қызықты туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын жан-жақты ашты. Сонымен қатар ол қаладағы туризм саласының соңғы 5 жылдағы белсенді дамуын атап өтті. Пресс-конференция барысында қазақстандық және қытайлық туристік фирмалар мен туроператорлар арасында B2B кездесулері өтті. Бұл шара салтанатты пресс-коктейльмен аяқталды. Салтанатты шараға туризм саласының негізгі ықпал етушілері арнайы шақыртумен келді. Аталмыш шара Алматы қаласының Туризм басқармасы және Capital Partners серіктестігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Достық атмосфера құрып, қаламыздың оң имиджін қалыптастырудамыз

Алматы қаласы Туризм басқармасы осы жылы қаладағы әуежайдың 100 қызметкеріне фасилитация бойынша арнайы тренингтер өткізді.

Фасилитациялық тренингтер коммуникация дағдылары, топтық коучинг пен қонақжайлылық стандарттары бойынша тренингтен, топтардағы жаттығулардан ұйымдастырылды.

Қаладағы әуежай қызметкерлеріне туристерге және қала қонақтарына қызмет көрсету стандарттары бар жадынамалар әзірленіп, берілді.