Спорт

Шымкенттің баскетбол командасы алда келе жатыр

Жоғары лига ойындары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттің «Қазығұрт» баскетбол командасы Қазақстанның жоғарғы лига ойындарының әзірше бірде-бірінде жеңілген жоқ. Алматы облысының Қапшағай мен Талдықорған қалаларында өткен Жоғарғы лиганың бірінші және үшінші турынан өтіп қазір Павлодар қаласында өтіп жатқан үшінші турда өнер көрсетуде.

Жоғары лига ойындарына қатысып жатқан командалар бір-бірімен кездесіп, барлығы 10 кездесуден өткізген.

Ал шымкенттік «Қазығұрт» ерлер командасы 10 ойынның бәрін жеңіп, турнирдің басында келе жатыр. Одан кейін сегіз ойында жеңген «Барыс» пен алты ойында жеңген «Ертіс» командалары келеді.

Жоғары лига ойындарының үшінші туры 15 желтоқсанда аяқталады. Әрбір команда бес кездесу өткізеді.