Спорт

Спорттағы серпіліс: Алматылық құрамалар жеңіске жетті

Алматы құрамаларының спорттағы дамуы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының спорттағы дамуы. Кейінгі төрт айда қаланың спорттық құрамалары жеткен жетістіктерді назарларыңызға ұсынамыз.

Футболдан «Алматы» құрамасы «Ертісті» жеңді

«Алматы» құрамасы өз қаласында өткен матчта «Ертісті» басымдылықпен жеңді. Бұл матч әдеттегі Қазақстан чемпионаты аясында өтті.

Павлодарлық «Ертіс» құрамасы алматылық «Алматы» құрамасына есе жіберіп алды. Есеп 2:1 болды. Алғашқы есепті ойынның 12 минут 5 секундында алматылық команда ашты. Алғашқы ұпайды командағы Демагин алып келді. Келесі голды матчтың 25 минут 49 секундында павлодарлық Развадовский қақпаға салып, есепті теңестірді. Осылайша бірінші тайм аяқталды. Екінші таймның 65 минутында алматылық Демагин есепті өзгертті. Демагин көрерменнің есінде қалайтындай дубль жасады. Яғни екі гол соқты.

«Алматы» құрамасының қақпасында Демидов тұрса, «Ертіс» құрамасында Румянцев қақпашы болды.

«Алматы» хоккей клубы жеңіске жетті «Темиртау»

Алматыда өткен хоккей матчының қорытындысы бойынша «Алматы» хоккей клубы жеңіске жетті.     

Матч «Халык Аренада» өтті. Хоккей клубының қарсыласы «Темиртау» клубы болды. Бұл матч шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында өтті. Есеп 4:2 болды. Алматы құрамасы бұл жеңісінен кейін чемпионатта алғашқы этап бойынша екінші орынға жайғасты.

Шайбаны қарсыластың қақпасына Алматы құрамасындағы Шерстюков, Ефимов, Евграфов және Бурделёв салып, командасына жеңіс алып келді.

«Алматы» клубын қолдау мақсатында «Халык Аренаға» атақты тележүргізушілер, блогерлер және әртістер келді. Арнайы шақырылған қонақтардың қатарында стилист Асель Зоя, депутат және бизнесмен Қайрат Құдайберген, әнші Асель Садвакасова, атақты дизайнер Сакен Жаксыбаев, вайнерлер Мейржан Туребаев пен Азим болды.

Алматылық «Қайрат» «Актөбені» жеңді

Қазақстан чемпионатындағы 29-турда «Қайрат» футбол клубы Премьер-Лигадағы өз орнын сақтап қалды. Есеп - 6:0.

Аталмыш дода Алматы Орталық стадионында өтті. Алғашқы 6 минутта Конрад Вржещиньский және Мартон Эппель қарсы команданың қақпасына гол салды. Осылайша бірінші тайм аяқталып, екінші тайм басталды. Бұл таймның 54-минутында Гафуржан Суюмбаев командасына ұпай қосты. Содан кейін Адеринсола Эсеола мен Бауыржан Исламхан пенальти бойынша гол соқты. Ал ойынның 68-минутында матчтағы соңғы гол соғылды. Голды Мартон Эппель салды. Мартон Эппель командасына екі ұпай сыйлады.

«Актөбені» жеңгеннен кейін Алматылық клуб жалпы есеп бойынша 62 ұпай жинады.