Weekend
Салауатты өмір салты
Шымкенттің арнайы жасақ сарбаздары №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен таңғы жаттығу өткізді. Нақтырақ айтсақ, жетім балалардың көңілін аулауға келгендер – Шымкент қалалық полиция департаментінің жедел әрекет ету жасағының сарбаздары.
- Полиция қызметкерлері балалар үйіне жиі келіп тұрады. Спорттың басы таңғы жаттығу. Таңертең жаттығу жасап жүрген баланың тәртіпке үйренеді. Әрі салауатты өмір салтын ұстануға әкеледі, - деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары балаларға қоян-қолтық ұрыс жасаудың бірнеше тәсілін үйретіп, балаларды бұл техникаларды қолдануын бірге тексерді. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге сапқа тұрып, жүгіріп, секіріп, жаттығу жасады. Кейін полицейлер балалармен ойын ойнап, оларға көңіл-күй сыйлауға тырысты.