Weekend
Республикалық
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Shymkent Film Festival жас киногерлерді және аймақтық киноөндірісті қолдауға бағытталған. Конкурсқа соңғы екі жылда түсірілген қысқаметрлі фильмдер қабылданды.
- Ережеге сәйкес ұзақтығы 20 минуттық туындыларға тақырыптық және жанрлық шектеулер қойылған жоқ. Shymkent Film Festival ұйымдастырушысы – Республикалық және халықаралық кинофестивальдердің жеңімпазы, режиссер Рақымжан Қалдыкөз. Оның айтуынша, конкурсқа 15-ке жуық режиссердан өтінім түскен. Республикамыздың әр аймағынан ұсынылған фильмдерді белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаев бастаған қазылар алқасы «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік актриса», «Үздік актер», «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациялары бойынша анықтады, - деп хабарлайды Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында режиссер Дарежан Өмірбаев, кинорежиссер Ержан Жұмабеков, кинорежиссер Шерхан Тансықбаев, театр және кино актрисасы Жәудір Сарыпбекова сынды білікті кадрлар бар.
Фестивальге келесідей фильмдер мен авторлар қатысты:
«Masa» – Нурбол Ерболулы;
«Инсомния» – Серик Мейирбан;
«Кісі» – Шолпан Торебай;
«Танго» – Инкар Карим;
«Шалаш» – Мадияр Муратулы;
SHOT – Асылжан Абдумуталиев;
«Кеш» – Жанар Толеген;
«Лея» – Санжар Амансугуров;
«Әке аманаты» – Санжар Бейболатулы;
«Биіктік» – Маргулан Еркин;
«Дикие дни» – Самгар Ракым;
«Әке» – Бакытжан Кошеров;
Stop – Хамит Муталиев;
«Ізбасар» – Темирлан Орисбаев.