Саясат

Шымкент әкімі Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты

Ғимарат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қала әкімі Е.Айтаханов «Жастар ресурстық орталығының» жұмысымен танысты.

Шымкент қаласы аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын мекеме – жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бағытында жұмыс істеп келеді. Ресурстық орталық директоры Б.Молдабеков қала басшысына жұмыс барысын жаңа деңгейге көтеру бағытында ұсыныстарын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, ЖРО-ның қазіргі ғимаратының іргетасы өткен ғасырда қаланған.

- Яғни, мәдени нысан ретінде жоспарланған ғимарат реконструкциялауға, жастардың түрлі бастамаларына қолдау білдіруге қолайсыз. Қоғамның ең белсенді буын өкілдеріне қызмет көрсететін орталықтың жаңа келбетке енуі маңызды-ақ, - деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Мекеме қызметкерлерінің жұмыс барысын көріп, етене танысақан қала басшысы ұжым жұмысына табыс тіледі.