Саясат
2014 жыл 8 наурызда жоғалып кеткен ұшақ Қазақстан аумағына құлауы мүмкін
Англиялық Express күнделік хабарлар сайтының 29 желтоқсан күнгі ақпаратында жаңа көзқарас жарияланды, оған сәйкес ұшақ Қазақстан териториясына жетіп құлауы мүмкін.
Оқиға кезіндегі болжам Англиялық жасанды жер серігінің мәліметтеріне қарап шығарылған болатын, болжамға сәйкес ұшақ Үнді мұқитына құлауы мүмкін делінген. Бұл әрине 100 % дұрыс болжам еместігі баршаға аян. Бүгінгі күнде ұшақтың ұшып кетуі мүмкін аумақтарының қатарында Қазақстан териториясы аталуда. Ұшақ ұшу барысында бағытын айқындап отыруда Англиялық Спутниктің көмегіне жүгінген, борттағы ұшқыш бағыттан қателессе, батыс оңтүстікке немесе Батыс солтүстікке қарап ұшуы мүмкін. Батыс Оңтүстік нұсқасына басымдылық берілгендіктен іздеу жұмыстары сол жақта жүрген болатын, Ал батыс солтүстік бағытқа ұшса Қазақстан аумағында құлауы мүмкін.
Дегенмен бұл болжамға қарата түйткіл көп, егер ұшақ Қазақстанға қарап ұшқан болса арадағы елдердің, әуеқорғаныс күштерінің радарына түсіп қалар еді. Алайда ең соңғы мүмкіндікке де сәл қарауға болмайды деп жазады express сайты.
Дереккөз: https://www.express.co.uk