Саясат
Жатақхана
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды.
Шаһар басшысы №1 студенттер үйінде тұрып жатқан жастардың жағдайымен танысты. 12 қабатты тұрғынжай бүгінгі таңда студенттер үшін салынған ең жайлы және үлгілі жатақхана саналады. Ол 500 орынға лайықталған. Мұндағы әрбір бөлме тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жуыну орны да жеке дара.
Студенттер үйінде кітапхана, компьютер сыныбы, асхана, медициналық бөлме, кір жуу орны да қараcтырылған. Жастар WI-FI желісін тегін пайдаланады. Осы жәйттерге қаныққан қала әкімі жатақханадағы үйірмелерге қатысып жатқан студенттермен пікірлесті.