Спорт
Спорт
Түркияның Анталия қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында шымкенттік спортшының мерейі үстем болды.
Әлемнің 60 елінен келген 700-ге жуық спортшының ішінде Silkway Халықаралық университетінің студенті Фазлиддин Сафаров әлем чемпионы болды. 91 келі салмақтан жоғары категорияда өнер көрсеткен шымкенттік спортшы бұған дейін де Қазақстан чемпионы атанған болатын.