Weekend

Бақытқа бір қадам

Университеттегі қайырымдылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл əлемде бар əлем мейірімділіктен жұрдай болса, жалғанды жалпағынан басып жүргенінің күні ғайып. Осы жолы да қайырымды жандар көмекке мұқтаж азаматқа қол ұшын беруден тайынбады.

2019 жылдың 10 желтоқсанында Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында ашылған Инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығының ұйымдастыруымен "Бақытқа бір қадам" атты қайырымдылық кеші өтті.

Кештің мақсаты – əлеуметтік ғылымдар факультетінің 1-курс студенті Аристеев Қуаныш Азаматұлының жедел түрінде ем қабылдауына байланысты көмек көрсету. Кештің құрметті қонақтары "Қазақ эстрадасының" жарық жұлдыздары жəне спорт саласында өзіндік бейнелерін қалыптастырған ерекше жандар мен университетіміздің студенттері өнер көрсетті.

Өнерпаздар ішінде: Дана Кентай, "2018 Х-Фактор" бас жүлдегері Дильнура Биржанова; телевизия саласында қызмет етіп жүрген Ардақ Отарбай; Азия чемпионатының 3 дүркін чемпионы, университетіміздегі заң факультетінің магистранты Айдарбеков Нысанбек; халықаралық байқаулардың үздігі болып жүрген Гүлхайя Жуашбаева, "Дала сазы" оркестрінің күйшілері жəне т.б.

Концертке жиылған барша қауым "Қазақ эстрадасы" жұлдыздарының өнеріне қанық болды. Əсем əн мен тəтті күйге құлақ құрышын қандырып, кештің себепкеріне арналған жылы лебіздерге тамсанған халықтың ыстық ықыласты ду қол шапалақтан алақаны босамады. Концерт төрі көктеудің басында айдынды көлде жиналған алуан түрлі құстардай аруларға жəне моншақ-сынды сапталып, 2 қатар сайын тізілген айбарлы азаматтарымызға лық толы болды.

Толғанбаған өнер жетім демекші, Қуаныш Аристеев бəрімізге мектеп кезінен таңсық Мұхтар Шахановтың "Отырар" атты поэмасымен кештің басын ашып, көрермендердің жүректерін елжіретті. Одан кейін ұлылардың ұлы болған ұлан өнерпаздарымыз бен қадірменді көрермендерге аншлаг жарияланып, Ардақ Отарбаевқа микрофон ұсынылды. Бұл азамат ел қатарлы болып, кенеттен тағдыр талайынан арбаға таңылған еді. Алайда бұл оған отбасы ошағын құруға, үш баланың əкесі атануына кедергі болған жоқ.

Ал көп ұзамай, әкімдіктің қолдауымен ұлттық телеарнада əлеуметтік мəселелер жайлы жаңалықтар жүргізе бастады. Бірақ өзінің бабын тек спортта тапты. Дарынды азамат өзінің жігерлі əңгімесімен көптің көкірегіне ой түйдірді. Сөз кезегі Нысанбек Айдарбекұлына келгенде бұл өмірде адамның таңы адаммен екенін, əрбір жан бір-бірінің қуанышына ортақтас болып, бір-біріне көмектесе алатынын аңғарамыз. Спорт пен мəдениетті ұштастыра білген айбынды жігіттердің бірі.

Ал бүгінде  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында Паралимпиадалық жаттықтыру орталығының қызметкері. Онымен қоса, қалың қатпарлы мұз жанды да жібітетін тамылжыған бұл-бұлдай əнші Гүлхайя Жуашбаеваның орындауындағы Кеңес Есекеев "Өкінбе сен" əнімен кештің мəресін қорытындылады.

Кеш соңында ғылыми кітапхананың директоры Бақытжан Əсетілдəұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, концерт барысында жиналған қаржыны Қуаныштың əжесіне табыстады.