Weekend

Шымкентте «Тәуелсіз ел тірегі-ерікті жастар» атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті

Жастар жылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 24 қараша күні Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, «Бейбіт болашақ» қоғамдық бірлестігі және «Жалынды жастар» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Жастар жылына орай «Тәуелсіз ел тірегі-ерікті жастар» атты қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

Турнирге Шымкент қаласының 8 ЖОО бақ сынады. Турнир қорытындысына орай, бас жүлдені Silkway халықаралық университетінің "Жалынды жастар" пікірсайыс клубынының "Таухид" фракциясы иеленіп, 100 мың теңге көлеміндегі қаражатпен марапатталды.

Ал 1-орынды иегері "Жалынды жастар" және "Болашақ " пікірсайыс клубтарынан құралған "L-I" фракциясы қанжығасына байлап 70 мың теңгемен марапатталды. Өз үздіктігін дәлелдеп, турнирде 2-орынды және 50 мың теңге көлеміндегі қаражатпен А.Қуатбеков атындаға ХДУ студенттері иеленсе, "Жалынды жастар" пікірсайыс клубының жас буындарынан құралған " IQ мен EQ" фракциясы 3-орынды қанжығасына байлап 30 мың теңге көлеміндегі қаражатпен марапатталды.