Weekend
Жастар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com24 қазанда Жастар ресурстық орталығында «Тіл тұтастығы туы» Халықаралық фестивалі өтті.
Тілдер фестиваліне Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының командалары қатысты. 10 шақты команда өзара жарысып, көрермендерді түрлі-түсті театрландырылған қойылымдармен, музыкалық және би нөмірлерімен таныстырды.
Қатысушы командалардың ойын тәртібі жеребе арқылы шешілді.
«Ромео мен Джульетта» театрландырылған қойылымымен бірінші орынды SILKWAY Халықаралық университетінің студенттері иеленді;
Екінші орынды «Singing stars» мен «New generation» Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының командалары бөлісті;
Үшінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері иеленді.
Фестивальдің барлық қатысушылары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61