Weekend

Шымкентте Қытайдың 70 жылдық мерейтойына орай фотокөрме ашылды

Мәдени байланыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте Қытай Халық Республикасының құрылғанына 70 жыл толу мерейтойына байланысты «Жетістіктің абыройлы 70 жылы» атты фотокөрме ашылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстандағы ҚХР елшілігі.

Фотокөрменің ашылуына сөз сөйлеген Бейнелеу өнер музейінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілері академиясының академигі Айнабек Оспанов фотокөрменің ашылуы музейде халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға жол ашқанын алға тартты.

- Фотоға түсіру өнері қазір бейнелеу өнерінде дамып келе жатқан әрі ерекше орын алатын сала. Әлемде аты танымал фотографтар да көп. Фото өмірдің бір сәтін басып қалу арқылы кейін тарихи дерекке айналады. Бүгінгі көрме де көрші еліміздің тарихы мен мәдениетінен хабар беретін үлкен алаңға айналмақ, - деді Айнабек Мыңжасарұлы.

Фотокөрмеге 125 фотосурет қойылған. Олардың арасында түсті сурет те, ақ-қара суреттер де бар.

- Бұл көрме халқымыздың 70 жыл бойы жүріп кеткен жолынан хабар береді. Бұл жылдар біздің еліміз үшін оңай болған жоқ. Көп қиындықты бастан кешірдік. Алайда халқымыздың еңбексүйгіштігі арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз, - дейді Қазақстандағы Қытай елшісінің кеңесшісі Сунь Чан Дун.

Аталмыш көрме Шымкент қаласымен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында да ұйымдастырылуда.