Спорт

Шымкенттің тағы бір спортшысы Олимпиадаға жолдама ұтып алды

22-ші жолдаманы әкелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттің спортшысы Сәрсенгүл Рысбекова стенд атудан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Токио олимпиадасына жолдама ұтып алды. «Трап» бағдарламасында сынға түскен жерлесіміз ливандық Рэй Бассилге есе жіберіп алды.

Рысбекова Қазақстан қоржынына 22-жолдаманы салып отыр. Катар елінде өтіп жатқан мергендер сайысында жүлделі үштікке кірген спортшылар Жапониядағы кешенді сынға қатысуға мүмкіндік алады. Стенд ату шеберлері олимпиаданың тағы 37 жолдамасын сарапқа салады. 

Қазіргі уақытта жеңіл атлетикадан екі спортшыда – Ольга Рыпакова (үш аттап секіру) мен Георгий Шейко (20 шақырымдық жүру) лицензия бар. Сонымен бірге, ашық суда жүзуден Виталий Худяков, жүзуден Дмитрий Баландин (2 лицензия), велошосседен Евгений Гидич, садақпен атудан (4 лицензия) Ильфат Абдулин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев жолдамаға ие. Мәнерлеп жүзуден Александра және Екатерина Немичтер ел намысын біріге қорғаса, спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин сайыс алаңына шығады. Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов пен Асхат Ділмұхамедов (60 және 77 келі салмақта) Олимпиадаға барады. Сол секілді, әйелдер күресінен 50 және 76 келі салмақта Валентина Исламова мен Элмира Сыздықова Токиоға дайындалып жатыр. Еркін күрестен Нұрислам Санаев (57 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Ерғали Әлішер (97 келі), спорттық гимнастикадан Милад Карими, стендт атудан Сәрсенгүл Рысбекова, мылтықпен атудан Юрий Юрков, қазіргі бессайыстан Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко Олимпиада лицензиясын иеленіп отыр.