Weekend

Шымкентте «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты ғылыми конференциясы өтті

Жастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған.Іс-шараға Мәскеуден Тұрар Рысқұловтың немерелері Рысқұлов Владимир Владимирович, Рысқұлова Адель Робертқызы, Тұрар Рысқұловтың туысы Муратәлі Төлепбергенұлы және ҚР дипломатиялық қызметінің құрметті қызметкері, 2009-2012ж.ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, зиялы қауым өкілдері, шет ел ғалымдары келді.

Конференцияға қатысушыларына қазақ ұлт тарихындағы ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен саяси қызметі, республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қалыптастыру және дамыту жөніндегі Тұрар Рысқұловтың рөлі мен орны жайында кеңінен айтылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Орталық Азияның халықаралық деңгейдегі сапалы ғылыми зерттеулерінің жаңа бағыттары мен ынталандырылуы және Еуразияның мәдени-тарихи мұрасы үшін Түркі әлемінің құндылықтары бойынша жаңа ғылыми зерттеулер таныстырылды.