Weekend

Шымкент қаласында «Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Қазақ тілі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін» деген сөзінен туындайтын мақсат міндеттерін саралау, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа ретіндегі жаңа әліпбиге көшу барысын талқылау мақсатында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым» ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Аталған шараға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, ф.ғ.к. Анар Мұратқызы Фазылжан, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технология және сараптама басқармасы қызметкері Сұлтанбек Ербосынұлы Қабылов және өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары мен белсенді тіл жанашырлары қатысты.