Саясат
1915 жылғы оқиғаларға қатысты
"1915 жылы Осман империясындағы армяндардың геноцидін тану туралы АҚШ Сенатының қарарының заңдық күші жоқ және түрік-америка қатынастарын дамытуға кедергі келтіреді" деп мәлімдеді Түркия сыртқы істер министрі.
Бейсенбіде АҚШ Конгресінің сенаты армян геноцидін ресми түрде тану және еске алу қажеттілігі туралы қарар қабылдаған болатын. Қарарда АҚШ армян халқына геноцид жасалды дегенді ресми түрде мәлімдейді делінген.
- Тарихты саяси мақсаттары үшін пайдаланатындар ешқашан фактілерді елемейді, тек өз мақсатына жету үшін ғана пайдаланады, - деп атап өтті Түркия СІМ.