Саясат
Егемендігіне нұқсан келтіреді
"Түркия мен Ливия арасында Жерорта теңізіндегі теңіз юрисдикциясын делимитациялау туралы өзара түсіністік меморандумы үшінші мемлекеттердің егемендік құқықтарын бұзады, теңіз заңнамасына сәйкес келмейді және құжаттық заңдық негізі жоқ" делінген ЕО хабарламасында. Бұл туралы Регнум хабарлайды.
Қараша айының соңында Түркия президенті Тайып Ердоған мен Ливия ұлттық келісім үкіметінің басшысы Файез Саррадж әскери саладағы ынтымақтастық және теңіз аймақтары бойынша өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойған болатын.
Содан кейін Түркия теңіз аймағының картасын сызып, грек аралдарын оған енгізбей қойған.
Ал Грекия болса, «Түркия біздің аралдарды айрықша экономикалық аймақ ретінде мойындаудан бас тартып, оны басып алуға тырысуда» деп отыр.