Саясат

Мұсылман емес иммигранттар ғана үнді азаматтығын ала алатын заң шықты

Шеруге шығушылар "бұл заң діни теңдікті бұзады" деп отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан тұрғындары Ауғанстан, Бангладеш және Пәкістаннан келген мұсылман емес иммигранттарға үнді азаматтығын алуға мүмкіндік беретін заңға қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды Лента.

Үндістан парламенті мұсылмандығы жоқ иммигранттарға азаматтық беру туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Содан үнді елінде жаппай наразылық басталды. Жергілікті жұрттың наразылығын тудырғаны нәрсе - құжатта мұсылмандарға да азаматтық беру жағы қарастырылмағандығы. 

Демонстрацияға оппозициялық партиялар да, студенттік ұйымдар да шықты. Олар бұл заң діни теңдікті қорғайтын Үнді конституциясын бұзады деп санайды.

Үндістан үкіметі бұл заң мұсылмандардың құқығын бұзбайтындығын атап өтті. 

- Үндістан мұсылмандарына алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Олар елдің азаматтары және солай қала бермек, - деді ішкі істер министрі Амит Шах.

Сонымен қатар, үкімет қазірдің өзінде наразылық білдірушілер көп шоғырланған елдің солтүстік-шығысында (Трипура штаты) әскерлерін орналастыра бастады. Олар бұл заң иммигранттардың үлкен ағымына алып келеді деп қорқуда. Наразылық білдірушілер «Трипура – заңсыз мигранттар үшін қоқыс жер емес» деген ұрандар айтуда.

11 желтоқсанда үкімет Азаматтық туралы заңға түзету енгізді, оған сәйкес 2015 жылға дейін Ауғанстаннан, Бангладештен және Пәкістаннан қашқан буддистер, христиандар, индустар, джейндер, парсылар және сикхтер үнді төлқұжатын алуға рұқсат берілді.