Woman

Жылдың ең ықпалды әйелдері кімдер?

Көшті Ангела Меркель бастайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Forbes журналы 2019 жылдың ең ықпалды әйелдерін атады. Рейтингті Германия канцлері Ангела Меркель бастайды.

Германия үкіметінің басшысы тоғыз жыл қатарынан бірінші орын алып келеді. Екінші орында Халықаралық валюта қорының басшысы - Кристин Лагард. Бір жыл бұрын ол үздік үштікті бекіткен болатын. 2019 жылы үшінші орынға Америка Құрама Штаттары Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси иемденді.

Ең ықпалды әйелдердің ондығына Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен, General Motors бас директоры Мэри Барра, американдық кәсіпкер және филантроп, Билл Гейтстің әйелі Мелинда Гейтс, Fidelity Investments компаниясының президенті Эбигейл Джонсон, Santander қаржы-несие тобының директорлар кеңесінің төрағасы Ана Патрисия Ботин, IBM компаниясының бас директоры Джинни Ротти және Lockheed Martin америкалық қорғаныс компаниясының басшысы Мэрилин Хьюсон кірді.

Америкалық тележүргізуші Опра Уинфри рейтингінің 20-шы жолында, Ұлыбритания патшайымы Елизавета II – 40-шы орынға жайғасты. АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы мен кеңесшісі 42-орынға ие болды.