Weekend
Директорлар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚала әкімдігінде мектеп директорларын тағайындау бойынша кезекті ашық конкурс өткен болатын. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен өткен ашық конкурсқа Шымкенттегі біраздан бері бос тұрған мектеп директорлығының лауазымына үміткерлер төртінші кезеңнен, «әңгімелесу» кезеңінен өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша әңгімелесу кезеңінен сүрінбей өткен Асылхан Пернебайұлы Усипбеков "Білім -инновация "ер балаларға арналған №1 лицей-интернатына директоры лауазымына тағайындалды.
№49 жалпы орта мектебіне жас та болса жүзден жүйрік болған Асылбек Асанұлы Сарыбасов директорлыққа өтті. Ал №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына аталған блім мекемесінің директоры орынбасары қызметін неше жылдан бері абыроймен атқарған Айгүл Абдіуәліқызы Керімбаева тағайындалды.
Асылбек Бейсенбекұлы Қасжанов №134 жалпы орта білім беретін мектеп директорлығына өтсе, Рыспанбетова Бақытгүл Түлеубекова "№3 балалар эстетикалық саз мектебі" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры лауазымына ие болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61