Спорт
Уайт айтты
UFC басшысы Дэйна Уайт, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы реваншты жекпе-жек жақын арада болуы мүмкін екенін жеткізді.
Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта қаңтар айындағы жарнамалық шарада Дональд Серронамен төбелеседі. Хабиб Нурмагомедов сәуір айында Тони Фергюсонмен болатын жекпе-жекте өз титулын қорғауға тырысады.
- Егер Конор Ковбойды, Хабиб Тониді жеңсе, біз жақын арада реваншты көреміз, - деді Уайт BT Sport-қа берген сұхбатында.
Қыркүйек айында Хабиб, Дастин Порьемен өткен кездесуде UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғады.
МакГрегор болса 2019 жылы октогонға шыққан жоқ.