Weekend
"Таза қала" акциясы
Ерлан Айтаханов сөз арасында Шымкенттің тарихынан сыр шертті. Ол 1600 жылдары Қожаберген жыраудың «Елімай» дастанында Шымкент қаласының тұрғындарының еңбекқорлығы сипатталатынын, қаланы жасыл өлке деп бейнелегенін айтып, шаһардың ТМД елдерінің астанасы атануымен құттықтады. Сонымен қатар бұл атақ қала тұрғындарына, қала басшылығына жаңа серпін беретінін тілге тиек етті. Әкім шымкенттіктердің еңбегіне табыс тілеп, бір-біріне қайырымды болуға шақырды.
Мерекелік кеште бірнеше көшенің тұрғындары «Үздік көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша жүлделі орындармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ерлан Айтаханов пен «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков барлығына сыйлықтарын табыстады. Сонымен бірге қаланың тазалығына белсенді түрде атсалысқан құқық қорғау органдарының өкілдеріне бағалы сыйлықтар табысталды.