Weekend
Семинар
Шымкент қаласындағы 20-дан астам тірек білім мекемелерінде «Жаңартылған білім беру мазмұны және критериалды бағалау жүйесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында серіктес мектептер үшін семинар-тренинг өтті.
Аталған іс-шараға қала мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты.
- Семинар-тренингтің мақсаты - жаңартылған оқу бағдарламалар мен критериалды бағалау мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және дұрыс көзқарас қалыптастыру, - деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Семинар-тренинг міндеттері – жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері туралы түсінік беру, критериалды бағалауды тәжірибеде тиімді қолдануды үйрету, БЖБ және ТЖБ қатысты мәселелерді анықтау және түсініктеме жұмыс жүргізу.