Спорт

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегіне болжам: Головкин бұрынғы беделін қайтара ала ма?

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі ресми түрде жарияланбаса да, түрлі басылымдар болжам жасап жатыр.

The Mirror газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

"Канеломен" жұдырықтасқанға дейін Головкин 37-ге толады. Қазір қарқыны төмендеп, мансабы аяқталайын деп қалды. Көпшілік 2019 жылы қос боксшы кездессе, төрешілердің бәрі "Канелоның" жағына шығады деп сенеді. Головкин кезінде өзгелердің зәре-құтын қашыратын күшін қайтара ала ма?"—  деп жазады басылым.

Естеріңізге сала кетсек, "Канело"— GGG алғашқы жекпе-жегі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшының мерейі үстем болған еді.

Дереккөз: sports.kz