Саясат

Бостандық ауданының әкімі Еңбек ардагерін 100 жасымен құттықтады

Бостандық ауданының тұрғыны Людмила Коваль 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келіп, "Биокомбинатта" ұзақ жыл микробиолог болып еңбек еткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Людмила Ковальды мерейтойымен Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов құттықтап, құрмет көрсетті. Ардагер туған күнін ұл-қызымен, немере-шөберелерімен бірге тойлады.

Бұл кісі бүгін аттай 100 жасқа толып отыр. Ғасырдың құрдасы. Қазір шөберелерінің, неменелерінің қолынан су ішіп отыр. Осындай қарияларымыз аман болсын, - деді Алматының Бостандық ауданы ардагерлер және зейнеткерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов.

Людмила Коваль 1919 жылы Саратовта жүниеге келген. 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келіп, "Биокомбинатта" ұзақ жыл микробиолог болып еңбек еткен. Еңбек ардагері.