Саясат

Алматыда қоғамдық кеңес мүшелері қаланың дамуын талқылады

Қоғамдық кеңес мүшелері қалада жаңадан салынатын үйлер бес қабаттан аспауы тиіс екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Алматы - 2050" даму стратегиясын талқылаған қоғамдық кеңес мүшелері осындай ұсыныс жасады. 

Біздің ойымызша, жаңадан салынатын үйлер бес қабаттан аспауы тиіс. Ол бір жағынан сейсмикалық қауіпсіз болса, екінші жағынан қаланың инфрақұрылымына айтарлықтай ауыртпалық түсірмейді. Тұрғындарға да ондай үйде тұрғын қолайлы болады деген ойдамыз, - деді қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибұтов.

Кеңес мүшелері Алматыдағы музейлер жұмысын жақсартып, олардың санын арттыру керек екенін де еске салды.

Мемлекеттік және жекеменшік музейлердің жұмысын жақсарту қажет. Мәселен, туризмі дамыған қалаларда 30-дан астам музей бар. Ал бізде әзірге олардың саны - 16. Оның кейбірі сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді, - деді Марат Шибұтов.