Саясат
Жарысқа қатысушылар арнайы комиссияға жобаларын таныстырып, әлемдегі құрылыс өнерінің тарихына қатысты сауалдарға жауап берді
Сайысқа студенттер мен жас архитекторлар қатысты. Жобаларын комиссия алдында қорғаған соң қатысушыларға жетекші мамандар шеберлік сабақ өткізді.
Сайысқа 100-ден астам адам қатысты. Финалистерге сертификат пен ақшалай сыйлық берілді.
Жас архитекторлардың мүмкіндігін ашумыз керек. Олардың Алматының ғана емес, барлық қаланың болашағын қалай көретінін білуіміз керек. Жас архитекторлардың Алматының жобалау процесіне қатысуы міндетті, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Ақмырза Рүстембеков.
Алматы әкімі орынбасарының кеңесшісі Данияр Әлиев архитор болу үшін еңбекқор болу керек екенін айтты.
Архитекторлар - дүниежүзінде сұранысқа ие мамандар. Бұл - еңбегі ауыр әрі шығармашылықты қажет ететін мамандық. Бұл саланың адамы жаңа нәрсе ойлап табуға құштар болуы керек, - деді Данияр Әлиев.