Weekend

Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Бұған дейін арнайы мақсаттағы әскери бөлімге "Қара майор" атымен танымал болған полковник Борис Керімбаевтың есімі берілген еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери бөлімге Борис Керімбаев есімінің берілуі әскерилерге жүктелген жауапкершілікті сезінуге ұмтылдырады.

Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Әрине, жоқтың орны толмас. Менің жолдасым осы сапта тұрған әрқайсыңызға нағыз ұстаз бола білді. Мен барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді полковниктің әйелі Раиса Керімбаева.

Айта кетейік, әскери барлау қызметіне қосқан үлесі мен орны ерекше екенін ескеріп, 2019 жылдың 4 қыркүйегіндегі Қорғаныс министрінің бұйрығымен арнайы мақсаттағы әскери бөлімге Борис Керімбаевтың аты берілген еді.

Полковник Борис Керімбаев Владимир Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған. Мотоатқыштар взводының командирі, Орта Азия әскери округының барлау ротасының, штабының және мотоатқыштар батальонының басқарушы қызметтерін атқарған. 1981 жылы Керімбаев Ауғанстанға жіберіледі. Ол басқарған жасақ Пандшир шатқалындағы Ахмад Шах Масудтың моджахедтер құрамаларына қарсы тұрған. Сегіз айға созылған ұдайы атыстардан, қоныстану операциялары мен рейдтерден кейін моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Кеңес әскерлеріне қарсы топтардың жауынгерлік іс-қимылдары тоқтатылды. Полковникке "Қара майор" атын өз жасағы қойған.

1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты полковник әскери атағымен Қарулы Күштер қатарынан шығарылды. 2019 жылдың 12 ақпанында ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті.