Weekend

Еңбекші ауданында қандай ономастикалық жұмыстар жасалды?

Тіл түзеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аудандағы негізгі 17 көшеде орналасқан 298 коммерциялық нысандарда маңдайша мәтіндерін заң талаптарына сай ретке келтіру бойынша және коммерциялық нысандардағы маңдайша мәтіндерінің түнгі мезгілде жартылай жанбай мән-мағынасыз болуына байланысты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 43 коммерциялық нысанға кемшіліктерді түзету жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- Нәтижесінде коммерциялық нысанның кемшіліктері жойылып, қалпына келтірілді. Ауданда 596 даңғыл, көшелер мен өткелдер бар, 2019 жылы жаңа атау беру бойынша ұсынылған көше саны – 75, - дейді Шымкент қаласының Еңбекші ауданының әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Молдабайұлы.  

Сонымен қатар, 2019 жылы аудандағы 659 көпқабатты тұрғын үйге QR-коды бар тақтайшаны орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, орнату жұмыстары жүргізілді.