Bugin
Kazakhstan Urban Conference - 2019 конференциясында қалалар экологиясы, қауіпсіздігі мен қалалардағы көлік тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланады
Алматы әкімдігі алаңында Kazakhstan Urban Conference - 2019 шарасын өткізу жөнінде көшпелі баспасөз конферециясы ұйымдастырылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов шараның заманауи қалалардың сол атқа қалай лайық етуге болатыны жөніндегі жыл сайынғы пікірталас алаңы екенін айтты.
Біз қаланы дамыту шаһардың, билік пен бизнес-құрылымдардың бірлесіп атқаратын ортақ жұмысы екеніне сенеміз. Сондықтан Қазақстан қалалары тұрғындарының осыны түсінуін және процестерге белсенді қатысуын қалаймыз, - деді Елдар Әбдіразақов.
Kazakhstan Urban Conference - 2019 шарасында Алматы экологиясы, қауіпсіздігі мен қаладағы көлік тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланады. "2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді?", "Алматы 5 миллион тұрғынға метроөңір бола ала ма?" деген тақырыптар жеке талқыланады. Мегаполис үшін жоғары білікті жұмыс орындарын құру проблемалары және сарапшылар қауымдастығы мен әкімдіктің ортақ іс-қимылының тәжірибесі панел пікірталас форматында қаралады. Конференцияда еліміздегі коммунал сектор қызметін дамыту туралы және Қазақстанның кәсіби өтемі жөнінде сараптамалық баяндамалар ұсынылады.