Weekend
Аса мән беріп отырған салалар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың 2019 -2021 жылдарға арналған бюджеттің қалай нақтыланғанын, қандай салаларға көп мән берілетінін атап өтті.
Әкім орынбасарының айтуынша, қаржының басым бөлігі жастар саясаты мен әлеуметтік салаға, білім беру саласына бөлінбек.
- Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға 2 160,0 млн.теңге және тұрғын үй сатып алуға 4 320,0 млн.теңге, жастар практикасына және жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге 2 020,0 млн.теңге, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар маман даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 111,4 млн.теңге бөлінеді, - дейді Ербол Садыр.
Ал орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға 732 млн теңге бөлінбек.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61