Weekend

Халық артисі Еркеғали Рахмадиев тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Еркеғали Рахмадиев - қазақ музыкасының симфониялық күй жанрының негізін қалаған әйгілі композитор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемориал тақтаның ашылу салтанатына сазгердің ізін басқан шәкірттері мен туыстары қатысты.  

Әттең, композитор емеспін. Бізде үлкен жанрда жұмыс істейтін композиторлардың өзі сиреп бара жатыр. Композитор болсам, бүгінгі тақырыпқа арнап Еркеғали Рахмадиевтің "Таң самалы" әніне лейтматив жазып, үлкен бір опералық шығарма жазуға болар еді деп ойлаймын, - деді жазушы, драматург Дулат Исабеков.

Еркеғали Рахмадиев - КСРО халық артисі, композитор. Ол 27 жыл бойы Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, КСРО Композиторлар одағының хатшысы болып қызмет еткен. 2010 жылы оған "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Оның шығармаларында қаһармандық-патриоттық тақырып негізгі орын алады.

Композитордың "Қамар сұлу", "Алпамыс", "Тың тынысы" опералары, "Дайрабайдың күйі", "Амангелді" атты симфониялық поэмалары елімізде және шетелдерде жоғары бағаға ие болған.