Саясат
Онда жұмыссыз азаматтарға 300-ге тарта жұмыс түрі ұсынылды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда қала әкімдігінің, прокуратураның және Nur Otan партиясы филиалының қолдауымен кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Абақтыға отырып шыққан жұмыссыз азаматтарға 300-ге тарта жұмыс түрі ұсынылды. Олардың қатарында бухгалтер, мұғалім, сақтандырушы қызметтері мен құрылыс саласы мамандықтары бар.
Пробацияда 200-ден астам азамат есепте тұр. Сол кісілерді шақырдық. Оған қоса, қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды да шақырдық. Бұл азаматтарға 30-ға жуық компания жұмыс ұсынып отыр. Осы жерден азаматтар өздеріне керек жұмысқа орналасады деген үміттеміз, - деді Алматының Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
Қазір ауданда 630 адам жұмыссыздар есебінде тұр. Жыл басынан бері 900-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Олардың басым бөлігі осындай жәрмеңкелердің арқасында қызметке орналасқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61