Саясат

Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті

Жыл сайын Алматыдан 2000-нан астам жас әскерге аттанады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық ұлан қатары тағы 50 жас сарбазбен толықты. Алматыда "Әскерге шақырушылар күні" аясында оларға құрмет көрсетілді. Шарада соғыс ардагерлері және Қазақстан қарулы күштерінің аға буын өкілдері жастардың әскери қызметтегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, ақ баталарын берді.

Қабылдағалы отырған анттарыңа берік болыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды аман-есен атқаруларыңа тілектеспін. Мұны әрбір ер жігіттің азаматтық парызы деп білемін. Үйлеріңізде ата-аналарыңыз сіздердің тілеулеріңізді тілеп отыратынын естен шығармаңыздар, - деді Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Леонид Гирш.

Жыл сайын Алматыдан 2000-нан астам жас әскер қатарына қосылады.

Қазақстан қарулы күштерінің көңіл бөлуінің арқасында әскери қызметті атқаруға барлық жағдай жасалған. Балаларыңыздың әскер қатарына барып, ел тірегі, жер тірегі болып қайтып келетіне кепілдік береміз, - деді Алматының қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Үсербаев.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61