Саясат

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық акциясы басталды

«ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктестігі ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылрға көмек көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Желтоқсан оқиғасына – 33 жыл, ал қастерлі Тәуелсіздігімізге – 28 жыл. Осы мерекені ескере отырып «ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктестігі ұжымы қайырымдылық шарасын өткізді. 

Олар Жұлдыз, Жалын, Қарабастау ауыларында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік апарып, көмек көрсетті. Аталмыш ұжым он жылдан бері Жұлдыз ауылының тұрғындарына қолдау көрсетіп келеді. Мектептерді оқу-техникалық құралдарымен қамтамасыз етіп, оқушыларға оқуға қажетті құралдары мен мектеп формаларын сыйға тартқан.

Сонымен қатар олар Ұлы отан соғысының және еңбек ардагерлеріне, мұқтаж және мүгедек жандарға 4 миллион теңге қаржылай көмек көрсетіп келген.
Ал ауыл тұрғындары күнделікті тұтынатын азық-түліктің артық етпейтінін айтып, ұжым өкілдеріне алығысын білдіріп жатыр.