Саясат
Тұрғындар көкейдегі көптеген сұрағына жауап алды
Әуезов ауданының барлық сала мамандары мен Алматының бірқатар басқарма өкілдері Ашық есік күнін өткізді.
Бүгінгі біздің іс-шара жалғасын тауып жатыр. Nur Otan партиясының жобасы бойынша жедел көмек қолға алынды. Халыққа жақын болу үшін Президент айтқандай халықты тыңдау керек, - деді Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының орынбасары Найля Ордабаева.
Түрғындар дәл осындай Ашық есік күндерінің жиі өтіп тұруын құптайды. Себебі мәселені қағазға тізіп бергеннен гөрі, адаммен көзбе-көз отырып сөйлесу әлдеқайда тиімді. Шараға қатысқан жұрттың біразының кездесуде мәселесі шешілсе, кейбіреуін жауапты мамандар бақылауына алды.
Достық ықшамауданында балалар алаңының әлі құжаттары түгел емес. Бүгін әкіммен сол жайлы сөйлестім, құжаттарды жасайтын болды. Жақын болған жақсы ғой. Осы жерде сұрақ қойсаң, басшылардың құлағына жетеді, - деді қала тұрғыны Ділмұрат Мұсаев.