Weekend

Шымкент қаласында келесі жылы қызғалдақ фестивалі өтеді

Дәстүрге айналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жылы сәуірде Шымкент қаласында «Қызғалдақ жолы» атты халықаралық фестиваль өтеді. Қалалық туризм басқармасы келесі жыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып отырғандықтан, дәстүрге айналған қызғалдақ фестивалін ерекше қылып өткізді жоспарлап отыр.

- Қызғалдақтың тарихи отаны оңтүстік қазақстанның, оның ішінде Шымкент қаласы екендігі бәрімізге белгілі. Кейде нидерландыдан келген әріптестеріміздің өзі Шымкенттегі қызғалдақтың сорттарын көріп таңқалып қайтады. Сәуір айында Шымкент қаласы ерекше түске бөленіп, көздің жауын алады, түстер эйфориясына айналады. Шетелдік қонақтарды да дәл осы кезде қалаға шақырғанды жақсы көреміз, - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасы басшысы Тұрар Ахметов.

Фестиваль аясында шеберлер қалашығы ұйымдастырылады. Суретшілерге де бөлек алаң берілмек. Этнографиялық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Фестиваль аясында флористер дайындаған шоқгүлдер қойылып, фотокөрме, балғындардың қылқаламынан туындаған суреттер галлереясы ұйымдастырылады. Соңына эстрада жұлдыздарының қатысуымен коцерт өткізілмек.