Саясат
Kazakhstan Urban Conference - 2019 отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы - 2050" стратегиясының қоғам мен сарапшылар талқылауынан өткен нәтижесін ұсынды
Kazakhstan Urban Conference - 2019 шарасының пікірталас алаңында қоғамдық қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігі, экология, мегаполистің аумақтық дамуы, коммунал секторды жақсарту, еңбекпен қамту және басқа да мәселелер талқыланды.
Қала басшысы "Алматы - 2050" стратегиясының жаңа экономикаға, жаңа кеңістік және жаңа коммуникацияларға негізделгенін айтты.
Біз қаланың экономикалық базасы қалыптасқанда ғана тұрғындардың өмір сүру сапасы жоғарылайтынына көз жеткіздік. Сол себепті стратегияда экономикалық дамудың "құрылымдық маневрі" жасалған. Соның аясында кретив индустрияның, ақпараттық технологияның, қаладағы туризм үлесін біртіндеп ұлғайтамыз, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Қала әкімі Алматының "шетсіз қала" ретінде дамитынын айтты.
Қала кеңістігін полиорталықтандыруға көшіру біртіндеп жүзеге асады. Өмір сүрудің жоғары сапалы стандарттары болуы тиіс және ол қаланың барлық ауданында қамтамасыз етіледі. Бұл менің алдыма қойған басты мақсатым, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Стратегияны әзірлеуде жаңа коммуникациялар қолданылды және қаланың өзекті мәселелерін талдауда конструктив қоғамдық диалогты қорытындылады.
Сарапшылар мен қоғамдастықтың пікірлері ескеріліп, қайта толықтырылған стратегия қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылады.