Саясат
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды жеке қабылдады
Бұл туралы әкім өзінің Instagram-парақшасына жазды. Көп Алматы тұрғынын тұрғынүй мәселесі алаңдатады. Қала басшысы бұл сауалмен келген азаматтарға пәтердің тек заң аясында, кезекке сай берілетінін түсіндірген.
Ұсыныстардың ішінен Абайдың 175 жылдығына қатысты шығармашылық жобаны жан-жақты қарайтын боламыз. Тұрғындар халық дәстүрін, рухани мұраны сақтау, қауіпсіздікті нығайту және қала экологиясын жақсарту сияқты мәселелердің шешілуін қалайтынын білдірді, - деп жазды әкім Instagram-парақшасына.