Bugin

Алматының Наурызбай ауданында ерекше балабақша ашылды

Балабақша 55 балаға шақталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балабақшаның ерекшелігі қаладағы өзге балабақшаларда бұрын-соңды болмаған уайсфул (Wisefull) халықаралық орталықтың бір бағыты -психологиялық әдіспен жұмыс істейтінінде. Мұнда әр баланың психологиялық және тұлғалық дамуына жағдай жасалады.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы жүзеге асқан мектепке дейінгі білім беру орталығы жекеменшік әріптестік серіктестігі аясында салынған. Балабақша 55 балаға арналған. Ғимараттың салынуына 328 млн теңге инвистиция жұмсалыпты. Орталық 600-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.  

Мені қуантатыны, балабақшаны ашып отырған адамның өзі - көпбалалы ана. "Батыр ана" десек те болады. Балалардың жағдайын көпбалалы анадан артық ешкім түсінбейді. Ондай аналар өз бойындағы мейірімін басқа да балаларға бере алады, - деді Әйелдер ісі және демографиялық саясат комиссиясының мүшесі Нағигүл Бисенбина.

Наурызбай ауданында 85 балабақша бар. Оның 3-еуі мемлекеттік болса, қалғаны - жекеменшік. Олардың барлығында 4382 бала тәрбиеленіп жатыр.