Weekend

Шымкент қаласы үш ауысымды мектептер мәселесін қалай шешпек?

Жекеменшік мектеп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында үш ауысыммен білім алатын 19 мектеп бар болса, биыл соның төртеуінің мәселесі шешілген.

- Аталған мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласындағы мектептерге жан басына қаржыландыру жүйесі ендірілуде. Қазіргі таңда, 11 жекеменшік мектепке 5 454 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылды, - дейді қалалық білім басқармасының басшысы Айгүл Текебаева.

Жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру нәтижесінде 2018 жылы жобалық қуаттылығы 2 400 орынға арналған 4 жекеменшік мектеп ашылған. 2019 жылдың шілде айына дейін 1 500 орындық 2 жекеменшік мектептері («Жас дарын», «Абай Құнанбаев») ашылса, жыл соңына дейін 1000 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда.

2019 жыл соңына дейін жекеменшік мектептер есебінен үш ауысымда оқытатын 3 мектептің мәселесін шешу жоспарланған.