Weekend

Алтын Орда империясының 750 жылдығына арналған көрме ашылды

Орталық музейдегі көрме "Алтын орда - қазақ мемлекетінің алтын бесігі" деп аталады. Көрмеге 300-ден астам экспонат қойылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрменің мақсаты - көпшілікті қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюындағы маңызды ақпаратпен таныстыру. Көрмеге 300-ден астам экспонат қойылған.  

Көрмеде XIII-XIV ғасырдағы алғашқы адамдардың пайдаланған құралдары мен мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен кеңінен танысуға болады. Мұнда Алматы облысының Шеңгелді ауылы маңындағы қабірден табылған артефактілер және Шағатай әулеті шенділері киген жібек матадан тоқылған киімдері келушілерге алғаш рет көрсетілді. 

Көрмеге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің археологиялық топтарда Алтын Орда кезеңінен бастап Қазақ хандығы кезеңіне дейінгі Қазақстан аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерден, археологиялық ескерткіштерден табылған артефактілерді қойып отырмыз, - деді ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің археология бөлімінің ғылыми қызметкері Нәбира Төрежанова.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде еліміздің бай мәдени мұрасын дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, киелі нысандардың қазақстандықтар мен шетелдік туристерді тарту орталығына айналуына басымдық берген еді. Бүгінгі шара - соның айқын дәлелі.

Арнайы жасақталған көрмеге келер жылдың соңына дейін баруға болады.