Саясат
Тәуелсіздік диалог
Мерекелік іс шараға спикер ретінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы, «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры Талғат Ысқақов, Республикалық параолимпиада ойындарының жеңімпазы Ермек Қалымбетов және жазушы Мархабат Байғұт шақырылды. Олар өз ойын ортаға салып, сөз сөйледі. Жиын еркін форматта өтті.
Алғаш болып сөз алған Берік Бекжанов баршаны Тәуелсіздік күнімен құттықай отырып, біз еркін қаланың тұрғындарымыз деп сөзін қортытындылады. Ал Талғат Ысқақов отандық өнім ұлттық құндылығымызды дәріптеудің ең ұтымды жолы екенін айтты. Сонымен қатар ол өнімнің елімізде шығарылғанын көргенде кеудеде мақтаныш сезімі оянатынын тілге тиек етті. Ермек Қалымбетов көк тудың көкке желбіреуі, елдігіміздің биіктегені деп атап өтті.
Тәуелсіздік мерекесіне орай 20 кәсіподақ мүшелері және эстафетаға қатысқан үздіктер марапатталды.