Bugin

Алматы әкімінің немересі: «Ата, мұның бәрін сақтап қалуыңыз керек»

Бақытжан Сағынтаевтың немересі әкімге Алматының экологиясымен айналсуды тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Kazakhstan Urban Conference - 2019 конференциясы өтті. Шара қатысушылары Алматының экологиясын талқылады.

Конференцияға қатысқан қала басшысы отбасымен "Шымбұлақ" тау курортындағы демалыста болған оқиғасын айтып берді.

Бір күні отбасымызбен Шымбұлаққа барып, таза ауада демалдық. Сосын кафеге барып, тамақ ішейін отырғанбыз. Қасымызда 10 жасар немерем бар. Терезеден әдемі тауға, ағаштарға, емен мен шыршаларға қарап отырды. Кенет: "Ата, мұның бәрін сақтап қалуыңыз керек ", - деді маған. Сөйтіп маған үлкен тапсырма жүктеді, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол 10 жасар бала осындай әңгіме айтса, демек экология мәселесі әр алматылыққа қатысты екенін және оны бәрі бірлесіп шешу қажет екенін айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61