Weekend
Бес бастама
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазіргі таңда Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орны мен 29 колледжде 106 636 студент талапкер білім алуда. Оның ішінде, 6 614 студент жатақханамен қамтылса, 8 400 орынға қажеттілік туындап отыр.
Университет студенттерінің 6750-іне жатақхана қажет болса, техникалық білім беру ұйымдарының 1650 студентіне жатақхана қажет.
- Қазіргі таңда қаладағы жатақхана орнының қажеттілігін жою мақсатында әкімдік тарапынан «Шымкент сити» шағынауданынан 2,5 га жер учаскесі белгіленіп, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның инвестициясы есебінен 2500 орындық жатақхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде, - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Айгүл Текебаева.
Сонымен қатар, «Тұран» ш.а. жатақхана құрылысы үшін 4 га жер учаскесі бөлініп отыр.
2018 жылы жеке кәсіпкерлер мен «Қаржы орталығы» АҚ арасында 350 және 200 орындық жатақхана құрылысын салуға келісім-шарттар түзіліп, ағымдағы жылдың сәуір айында 350 жатақхана құрылысы аяқталып Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Ал, 200 орындық жатақхана құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61